What are you looking for?

Бразилия АҚШ-қа мұнай беруді уақытша тоқтатты

01.08.2025

Бразияладағы бірқатар компания АҚШ-қа мұнай жөнелтуді уақытша тоқтатты.

АҚШ осы аптада Бразилиядан келетін импортқа кедендік баж салығын 50%-ға дейін көтерген болатын. Содан кейін энергетикалық компаниялар мұнай экспортын уақытша тоқтатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі хабарлады. Трамптың жарлығында Бразилиядан келетін тауарларға жаңа тарифтер енгізу туралы шешімі АҚШ мүддесіне қатер төндіретін әрекеттерге жауап ретінде қабылданғаны жазылған. Агенттік мәліметінше, мұнай — Бразилияның АҚШ нарығына экспорттайтын негізгі тауарларының бірі. Ал Ақ үй жариялаған жаңа құжатта Бразилияға 10 пайыздық баж салығы салынған.

Social Link

Follow Me On Social Media