What are you looking for?

"Бір реттік неке қию": ҚМДБ даулы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады

01.08.2025

Қазір әлеуметтік желіде Ақтөбедегі мешіт ішінде болған оқиғаға қатысты түрлі пікір тарады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осыған орай мәлімдеме жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттің шыға берісіндегі есік алдында қызға орынсыз сөз айтқан ер адамның ісін айыптады. Бұл – мұсылмандыққа жат қылық. Мешіт – құлшылық пен тәрбие ордасы екенін атап өтті.

"Мешітке келген әрбір азамат өзін әдеппен, ізетпен ұстауға міндетті. Ислам шариғатында өзгеге тіл тигізу, орынсыз сөз айту, әсіресе әйел затына қолайсыз пікір білдіру – мұсылман әдебіне сай келмейтін және айыпталатын іс-әрекет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақтөбедегі оқиғада қыз балаға орынсыз сөз айтқан азаматтың әрекетін айыптайды. Өйткені мұндай әрекет мұсылмандыққа жат, әрі адамгершілік қағидаттарына да сай емес.

ҚМДБ жамағатты сабыр мен парасаттылыққа шақырып, жалған ақпарат пен арандатушылық әрекеттерге ермеуге үндейді. Қоғамда бейбітшілік пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Айта кетейік, Ақтөбе тұрғыны орталық мешітке барып, есік алдында өзін бөгеп тұрған ер адам туралы жазды. Ол қызға "бір реттік неке" ұсынады. Кейін бұл оқиға көпшілік арасында кең тарап, талқыға түсті.

Полиция мешіт ішінде келушіге тиіскен ер адамды полиция бөлімшесіне жеткізді. Сот қаулысымен 42 жастағы ер адам 5 тәулікке қамалды.

Social Link

Follow Me On Social Media