What are you looking for?

Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады

01.08.2025

2 тамыздан бастап "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– 2025 жылғы 2 тамызда сағат 02:00–ден 06:00–ге дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізетінін хабарлаймыз. Бұл жұмыстар цифрлық сервистердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған, – деп ескертті халықаралық әуежай.

Көрсетілген уақыт аралығында келесі мемлекеттік электрондық қызметтерге уақытша қолжетімділік шектеледі:

• eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы ("Цифрлық құжаттар" қызметін қоса алғанда);

• e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;

• ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (ҰКО) сервистері;

• Екінші деңгейлі банктердің және басқа да біріктірілген жүйелердің мемлекеттік қызметтерге арналған мобильді қосымшалары.

– Мемлекеттік қызметтер порталдарында қажетті операцияларды алдын ала аяқтауды; Тұлғаны куәландыратын құжаттың түпнұсқасын өзіңізбен бірге алып жүруді ұсынамыз, – деп ескертті әуежайдың баспасөз қызметі.

Social Link

Follow Me On Social Media