Алматы облысы полиция департаменті Хасан Қасымбаевқа және басқа да күдіктілерге қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтады , деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабы 2-бөлігі (Адам ұрлау), 106-бабы 2-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) және 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алушылық) бойынша жүргізілді.
21 шілдеде айыптау актісімен бірге іс материалдары қадағалау органына жолданды. Алматы облысының прокуратурасы оларды қарап шығып, істі сотқа тапсырды.
Айта кетейік, Хасан Қасымбаев қазіргі уақытта ІІМ ҚАЖК №72 мекемесінде қамауда отыр.