What are you looking for?

ҰҚК Қазақстан көлік вице-министрін ұстады

04.08.2025

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті көлік вице-министрінің ұсталғаны туралы хабарлады. Ол жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҰҚК-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қазақстан Көлік вице-министрін пара алды деген күдікпен ұстап, сот санкциясы негізінде қамауға алды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", — делінген Қазақстан ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетсек, маусымның соңынан бері Көлік министрлігін "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев басқарып келеді.

Көлік министрлігінің сайтындағы ресми ақпаратқа сәйкес, оның үш орынбасары, яғни вице-министрлері бар:

  • Сәтжан Аблалиев,
  • Талғат Ластаев,
  • Мақсат Қалиақпаров.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media