Теміртауда ер адам ескерту жасағаны үшін ажал құшқан , полиция қылмыстық іс қозғады — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кісі өлімі 10 наурызда кешке Металлургтер даңғылында болған. Куәгерлер әлеуметтік желіде тараған видеоға марқұм дауласып жатқан екі ер адамды тыныштандыруға тырысқанын жазды. Олардың біріне бұл ескерту ұнамаған, осылайша ер адам пышақ шығарып, оны жарақаттаған.
Ер адам алған жарақаттарынан қаза тапты. Полиция оқиға орнын қоршап алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Темиртау Сегодня (@temirtau.today)
Қарағанды облысының Полиция департаменті кісі өлімі туралы ақпаратты растады.
"Полиция 10 наурызда кешке Теміртау қаласында болған кісі өлімі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр", — деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Ведомство мәліметінше, 27 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша мас күйдегі күдікті 44 жастағы ер адаммен жанжалдасып, пышақ жарақатын салған. Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты", — деп түсіндірді ПД өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!