What are you looking for?

Кентауда 90 жылға жуық тарихы бар ауыл клубы өртке оранды

05.08.2025

1938 жылы салынған мәдениет үйінің шатыры жанып кетті. Өрт 600 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Екі қабатты нысанның қабырғалары кірпіштен тұрғызылған, ал шатырына ағаш төселіп, профнастилмен жабылған.

"Өрт толығымен сөндірілді. Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 21 қызметкер мен 6 техника, жергілікті атқарушы органдардан 3 маман мен 1 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр", – делінген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Social Link

Follow Me On Social Media