What are you looking for?

8 наурыз мерекесінде елімізде 366 қыз дүниеге келді

11.03.2025

8 наурызда Қазақстанда 769 сәби дүние есігін ашты.

Оның ішінде 366 қыз, 403 ұл бала дүниеге келсе, 5 ана егіз перзент сүйді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелді – 126 сәби.

Екінші орында Алматы қаласы (76 сәби), одан кейін Шымкент (71 сәби) және ел астанасы (65 сәби) тұр.

Social Link

Follow Me On Social Media