Бұл іс-шаралар ұлы ақынның мерейтойын ұлттық рухта атап өтуге бағытталған.
3-6 тамыз аралығында Абай облысы, Семей қаласындағы “Абай Арена” мәдени-спорт кешенінде қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында ересектер арасында Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының кубогы өтуде. Ауқымды жарысқа еліміздің 17 өңірінен келген 400-ге жуық балуан қатысуда.
7-10 тамызы аралығында Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында мерейтойға орай ұлттық спорт түрлерінен де республикалық, облыстық деңгейдегі ауқымды жарыстар ұйымдастырылады.
Мерейтой аясында 7 тамыз күні – Семей – Қарауыл бағыты бойынша жүлде қоры 10 млн-ды құрайтын 180 шақырымдық ультрамарафон өтеді.
Абай ауданы, Қарауылтөбеде 7-10 тамыз күндері ұлттық спорт түрлерінен ауқымды сайыстар өткізіледі.
Қазақ күресі - түйе,өгіз палуан сайысында бас жүлде автокөлік, 2-3 орындарға қаржылай сыйлық;
Аламан бәйге, топ бәйге, жорға бәйге сайыстарының жеңімпаздарына автокөлік, 2-5 орындарға қаржылай сыйлық;
Тоғызқұмалақ сайысының жеңімпазына автокөлік, 2-3 орындарға қаржылай сыйлық;
Тазы жарысы, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату сайыстарының жеңімпаздары қаржылай сыйлыққа ие болады.