What are you looking for?

Жетісу облысында пойыз бір адамды басып кетті

07.08.2025

Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Бөгде адамның темір жол бойына кенеттен шыға келуіне байланысты машинист шұғыл тежеуді қолданған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– 6 тамызда сағат 19-52-де Қарабұлақ-Тентек аралығында машинист бөгде адамның темір жолға кенеттен шыға келуіне байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Қашықтықтың қысқалығынан басудың алдын алу мүмкін болмады, – делінген хабарламада.

ҚТЖ азаматтарды өте мұқият болуға және темір жолдардың жанында болу ережелерін сақтауға шақырады.

– Рұқсат етілмеген жерлерде жолдарды кесіп өту қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін еске саламыз, – деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Social Link

Follow Me On Social Media