What are you looking for?

"Қазақстандықтарға 70 мың теңге беріледі": Еңбек министрлігі желіде тараған ақпарат жалған екенін мәлімдеді

07.08.2025

Желіде 1949-2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына 70 000 теңге аударылатыны жөнінде ақпарат тараған. Еңбек министрлігі өкілдері оның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі 1949-2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына 70 000 теңге аударылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.

"Мұндай әлеуметтік көмек жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтарға алданып қалмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз", — делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы таратылатынын еске салды.

Министрліктегілер азаматтардан тек ресми дереккөздегі ақпаратты пайдалануды сұрайды. Сондай-ақ жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын еске салады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media