What are you looking for?

«Нұрқанат Ғайыпбаев өз өзіне қол салған». Іс не себепті тоқтатылды?

08.08.2025

Алматы облысы прокуратурасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың қазасынан кейін қозғалған қылмыстық істің не себепті тоқтатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Жиналған дәлелдеме, сараптама қорытындылары және өзге де материалдар негізінде Нұрқанат Ғайыпбаевтың өзін-өзі өлтіру (суицид) салдарынан қайтыс болғаны анықталды. Үшінші тұлғалардың ықпалымен өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактілері анықталған жоқ», – деп жауап берді облыс прокуратурасы.

Айта кетейік, Нұрқанат Ғайыпбаевтың мәйіті 2024 жылдың желтоқсанында табылды. Жергілікті полиция оның өзіне қол салған болуы мүмкін екенін айтқан.

Social Link

Follow Me On Social Media