What are you looking for?

Бес облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

11.03.2025

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 703 техника мен 1770 маман жұмылдырылды.

Бес облыстағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".

"2025 жылғы 11 наурызда сағат 08:00 жағдай бойынша бес облыстағы бес республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Қар, тұман, жаңбыр: 11 наурызда ауа райы қандай болады


Ақмола облысы:

  • "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 856-917 шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы-Жақсы ауылы).

Қарағанды облысы:

  • "Астана-Караганда-Алматы" автожолының 1505-1610 шақырым аралығы (Атамекен ауылы-Ақсу-Аюлы ауылы).

Қостанай облысы:

  • "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 252-340 шақырым аралығы (Ұлытау облысы шекарасы-Арқалық қаласы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 795-856 шақырым аралығы (Рузаевка ауылы-Ақмола облысы шекарасы).

Ұлытау облысы:

  • "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 137-252 шақырым аралығы (Ұлытау ауылы-Қостанай облысы шекарасы).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 703 техника мен 1770 маман жұмылдырылды.

Social Link

Follow Me On Social Media