What are you looking for?

Қазақстандық теннисшіні қорлаған бапкер жұмысына қайта оралды

09.08.2025

Елена Рыбакинаның бұрынғы бапкері Стефано Вуков амнистияға ілікті .

Маусым басында Стефано Вуков Елена Рыбакинаға қатысты қорлайтын сөздер айтып, психологиялық қысым көрсетуіне байланысты мінез-құлық кодексін бұзғаны үшін бір жылға дисквалификацияланған болатын.

Өткен жылдың күзінде WTA Вуковқа қатысты "өкілеттігін асыра пайдалану" және "қорлайтын мінез-құлық" бойынша айыптауларды тергей бастаған еді. Тергеу қорытындысында бапкердің теннисшіні "тентек" және "ақыл-есі кем" деп атағаны, тіпті "менсіз әлі Ресейде картоп теріп жүрер едің" деген сөздері келтірілген. Алайда сәтті апелляциядан кейін бапкер командаға қайта қосылды.

Осы орайда Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) мәлімдеме жасады.

Біз барлық спортшылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырғымыз келеді. Істі мұқият қарастырғаннан кейін Стефано Вуковқа енді WTA турнирлерінде аккредитация алуға рұқсат берілді, — делінген хабарламада.

Ақпанда Давиде Сангвинетти Рыбакинаның жаңа бапкері болып тағайындалған. Ол қазақстандық теннисшімен жұмысын жалғастырып келеді.

Social Link

Follow Me On Social Media