What are you looking for?

Қаламқас кен орнында жол апаты болып, екі адам зардап шекті

10.08.2025

2025 жылы 9 тамызда Түпқараған ауданы, Қаламқас кен орнында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккен екі адам Маңғыстау облыстық ауруханасына Kazaviaspas бортымен жеткізілді.

"Зардап шеккендердің жағдайы бір қалыпты. Жолда көлік тізгінінде абай болыңыздар, қауіпсіздік ережелерін ұмытпаңыздар", дейді төтеншеліктер.

Публикация от Mańǵystaý oblysynyń TJD (@112_mangystau)

Бұған дейін Ақмола облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тауып, бесеуі жарақат алғанын жазғанбыз.

Social Link

Follow Me On Social Media