What are you looking for?

Сорбұлақта екінші адамның мәйіті табылды

10.08.2025

EC-145 тікұшағы құлаған аймақта іздестіру-құтқару іс-шараларының жалғасуы барысында екінші адамның денесі табылып, судан шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі уақытта құзыретті органдардың қатысуымен анықтау рәсімі жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, іздеу жұмыстары Қорғаныс министрлігінің, ТЖМ, ІІМ және басқа да ведомстволардың барлық қажетті күш-құралдарын жұмылдыра отырып, тәулік бойы іске асырылуда.

Social Link

Follow Me On Social Media