«Қара сөздер» — ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының философиялық шығармасы. Жезқазғандықтар бұл еңбекті ақын шығармашылығындағы ең маңызды туынды деп есептейді. Аймақтағы тілшіміз көпшілік хакім Абайдың рухани мұрасымен қаншалықты таныс екенін анықтап көрді. Жезді өңірінің жұрты ақын шығармаларын ғана емес, оның өмір жолын да жақсы біледі.