What are you looking for?

Мүгедек балаға зорлық көрсеткен күдікті Ресейден экстрадицияланды

11.08.2025

Қылмысты жасағаннан кейін күдікті Қазақстан аумағынан шығып кетіп, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы көрінеу кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қаскүнем 2024 жылдың қарашасында Қостанай облысында ата-анасымен достық қарым-қатынастағы жасөспірімнің пәтеріне келген.

Жәбірленушімен екеуі жалғыз қалғанда, оның жасы мен психикалық ауруы туралы біле тұра, ер адам оған қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған.

Өткен жылы ол Ресей Федерациясының Челябі облысында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған іс-әрекеті үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Social Link

Follow Me On Social Media