What are you looking for?

Ташкентте ірі базар толығымен жанып кетті

11.08.2025

Бүгін, 11 тамызда, түнде Өзбекстанның астанасы Ташкентте алапат өрттің салдарынан "Уч Кахрамон" базары толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oblakouz Telegram-арнасының мәліметінше, өрт 02:22-де басталған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеті минуттан кейін келген, тілсіз жауды ауыздықтауға 10 экипаж атсалысқан.

Қызыл жалын 03:24-ке дейін сөндірілген, ал толықтай 04:46-да өшірілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Бұған дейін Түркияда жойқын жер сілкінісі болғандығын жазғанбыз.

Social Link

Follow Me On Social Media