What are you looking for?

Қазақстан ғалымдарының жартысына жуығы – 40 жасқа дейінгі мамандар

11.03.2025

Қазақстанда 2,3 мыңнан астам ғылыми жоба қаржыландырылады .

Қазақстанның бүгінгі таңдағы ғылыми әлеуеті – 25,5 мың ғалымды құрайды, оның 46 пайызы – 40 жасқа дейінгі мамандар. Сондай-ақ, ғылым саласында 425 ұйым жұмыс істейді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында мәлімдеді.

"Енді гранттық конкурстар жыл сайын өткізіледі, бұрын 3 жылда бір өкізілетін. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау тетіктері кеңейтілді: постдокторанттар мен жас ғалымдарға гранттар, әзірлемелерді коммерцияландыруды қаржыландыру, іргелі институттарды тікелей қаржыландыру, шетелдік тағылымдамалар және мега-гранттар енгізілді. Қазіргі уақытта 264 ғылыми-техникалық бағдарлама, 2,3 мыңнан аса ғылыми жоба және 208 коммерцияландыру жобасы қаржыландырылуда. 1,4 мыңнан астам ғалым шетелде ғылыми тағылымдамадан өтті", – деді Саясат Нұрбек.

Министр жас ғалымдарға арналған гранттар конкурстарының арқасында 2 мыңнан астам зерттеуші 835 жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік алғанын айтты.

Оның сөзінше, 2016 жылдан бастап ғылыми қор ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға бағытталған 6 конкурс өткізілді.

"Маңыздысы, соңғы 3 жылда коммерцияландыруға қаржыландыру да, бірлесіп қаржыландыру да мүлде бөлінбеген. Біз бұл жұмысты қайта бастадық және коммерцияландыру гранттарын көтердік. Жобалардың экономикаға қосқан жалпы үлесі 118,4 млрд теңгені құрады. Бірнеше мың жұмыс орны құрылды", – деді министр.

Social Link

Follow Me On Social Media