Атырауда полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды аман алып қалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
12 тамызда сағат 15:26 шамасында Атырау қаласында ер адам көпірден секірмек болған. Оқиға туралы хабар түскен сәтте полицейлер шұғыл түрде оқиға орнына жетіп, ер адамды дер кезінде ұстап қалған.
"41 жастағы азамат құтқарылып, жедел тергеу тобына тапсырылды. Қазір оған медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп, оқиғаға байланысты тиісті шаралар жүргізіліп жатыр", — деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!