Тергеу жұмыстары басталды.
Алматыда жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқан қыздың үстіне ағаш құлап, қаза болды. Қалалық полиция департаменті бұл деректі растады.
Желідегі мәлімет бойынша, қайғылы оқиға Әди Шәріпов көшесі мен Қарасай батыр көшесінің қиылысында болған. Жұмыстан кофе алуға шығып, қайтып келе жатқан кезде үстіне ағаш құлаған. Ол алған жарақаттарынан қаза болды.
Полиция мәліметінше, тергеу жұмыстары басталды.
"Аталған дерек бойынша Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта мән-жайлар анықталып жатыр", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне жалған билет сатқан ер адам ұсталды