What are you looking for?

Қазақстанда ең төменгі жалақы көтеріле ме: қаржы министрі жауап берді

13.08.2025

Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен брифингте Қазақстанның қаржы министріне ең төменгі жалақыны көтеру мәселесіне қатысты сұрақ қойылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бізде әзірге ондай жоспар жоқ, шынын айту керек, дәл қазір ең төменгі жалақы 85 мың теңге, өсіруді қарастырып жатқан жоқпыз", — деп қысқаша жауап берді премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин.

Журналист 2026 жылға қарай ең төменгі жалақыны 90 мың теңгеге дейін көтеру жоспары туралы бұған дейін талқыланғанын айтты.

"Біз ол кезде есептеп көрдік. Көрсеткіштерге қарасақ, орташа мөлшер кем дегенде 90 мың теңгенің төңірегінде болуы керек. Бірақ қазіргі жағдайды ескере отырып, біз оны қазіргі деңгейде қалдырып жатырмыз", — деді қаржы министрі Мәди Такиев.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media