What are you looking for?

2025 жылы 292 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмысқа орналасты

13.08.2025

Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал санаттарына жаңа бизнес-бастамалар үшін 4,2 мың грант берілді.

2025 жылы 292 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

"2025 жылғы 1 тамыздағы мәліметке сәйкес, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 221,7 мың адам қамтылып, 292,2 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды. Мансап орталықтары арқылы 129,8 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына жіберілді, оның ішінде 91,7 мыңы қоғамдық жұмыстарға, 14,8 мыңы "Күміс жас" жобасына, 11,5 мыңы әлеуметтік жұмыс орындарына, 9,1 мыңы жастар практикасына қатысқан", – делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, 2,6 мың адам "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша, 90 адам "Ұрпақтар келісімшарты" аясында жұмысқа орналасты.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда "Илон Маск интернеті" ресми түрде іске қосылды


Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша 48,5 мың адам онлайн оқытудан өтті, оның 45,3 мыңы оқуды аяқтады. "Бастау Бизнес" жобасымен 34,6 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 19 мыңы сертификат алды.

Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал санаттарына жаңа бизнес-бастамалар үшін 4,2 мың грант берілді. Тағы 2-лекке өтініштер қабылдау 11 тамызда Business.Enbek порталында басталды.

Social Link

Follow Me On Social Media