Түркістан облысының №1 облыстық перинаталдық орталығында Шардара ауданының тұрғыны үшем босанып, 11 баланың анасы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, үшемнің анасы 43 жастағы Орынкүл Нурабаева. Ұлдардың салмағы – 2265 грамм, 2455 грамм, 2405 грамм.
Үшемдер мезгілінен ерте туылғандықтан, дәрігерлердің қатаң бақылауында.
"Қазіргі таңда ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы. Бүгін сәбилер мен анасы перзентханадан үйлеріне шығарылды",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Өскеменде ерекше салмақпен қыз бала дүниеге келгендігін жазған болатынбыз.