Түркияның сыртқы-істер министрлігі Израильдің Газаны толық жаулап алу туралы жоспарын қатаң айыптады, деп хабарлайды 24kz.
Министрліктің ресми мәлімдемесіне қарағанда, мұндай әрекеттер халықаралық қауіпсіздікке нұқсан келтіріп, аймақтағы гуманитарлық дағдарысты одан сайын ушықтырады. Ресми Анкара анклавта бейбітшілік орнату тек халықаралық құқық бойынша реттелуі тиіс деген ұстанымда. Осыған дейін Изариль премьер-министрі Газа секторының барлық территориясын бақылауға алу жөнінде жоспарын жариялаған болатын. Дегенмен мұны халықаралық қауымдастық қисынсыз деп таныды. Бірақ Биньямин Нетаньяху бұл бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, анклавты жаңа билікке табыстау деп өз дегенінен қайтар емес.