Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram желісіндегі арнасында мәлім етті.
Руслан Желдібайдың хабарлауынша, мемлекеттер басшылары бұл мәселені жуырда телефон арқылы сөйлескен кезде талқылады.
"Қазіргі кезде сапардың нақты мерзімі мен мазмұны келісіліп жатыр", — делінген хабарламада.
Айта кетейік, былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барған еді. Президенттер өзара байланыстарымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріп, екі елдің одақтастық қатынастарын нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз