What are you looking for?

Кирилл Герасименко Швецияда өтетін ірі халықаралық жарысқа қатысады

16.08.2025

17 тамыз күні Швецияның Мальмё қаласында "Europe Smash – Sweden" турнирінің негізгі кезеңі басталады. Жарысқа үстел теннисінің әлемдік жұлдыздары қатысады.

Europe Smash – Sweden 2025 турнирi Еуропа аумағында өтетін алғашқы WTT Grand Smash жарысы. Ол 2025 жылғы 14–24 тамыз аралығында Швецияның Мальмё қаласында, Malmö Arena мен Baltiska hallen ареналарында өтуде. Турнирдің негізгі кезеңі 17 тамыз күні басталады.

Жарыстың жүлде қоры 1 миллион 550 мың АҚШ долларын (шамамен 14,9 миллион швед кронын) құрайды. Жекелей сынның жеңімпаздарына шамамен 100 мың доллар, финалистер 50 мың доллар, ал жартылай финалистерге шамамен 22,5 мың доллар беріледі.

Турнирде 64 ер және 64 әйел спортшы жекелей сында, сондай-ақ ерлер, әйелдер және аралас жұптарда 24 жұп сынға түседі. Кортқа әлемнің үздік теннисшілері шығады. Олардың арасында Линь Шидун, Уго Кальдерано, Томокази Харимото, Лян Цзинкунь, Трулс Морегард және басқа да жұлдыздар бар.

Аталмыш жарыста Қазақстан намысын әлемдік рейтингте 80-орында тұрған Кирилл Герасименко қорғайды.

Social Link

Follow Me On Social Media