Алматыда өткен Дженнифер Лопестің концерті ел тарихындағы ең табысты мәдени шаралардың біріне айналды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, қаржы айналымы 10 миллиард теңгеден асты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Негізгі деректер:
- Концерттен түскен жалпы кіріс, шығындар мен жанама табыстарды қоса есептегенде, 10 млрд теңге болды;
- Шетелдік туристердің шығыны ғана қала экономикасына 5 млрд теңгеден астам пайда әкелді;
- 27 мың көрерменнің ішінде 7 мыңға жуық жан 35 елден келген;
- Бюджетке төленген салық көлемі 600 млн теңге шамасында;
- Стадиондағы фуд-корттың бір күндік табысы 15 млн теңгеге жуықтады.
Сарапшылар мұны Алматының мәдени және туристік тартымдылығын арттырған ерекше оқиға деп бағалап отыр.