What are you looking for?

Тимофей Скатов Челленджер сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды

17.08.2025

Турнир Италияның Тоди қаласында өтті.

Финалда Тимофей италиялық Стефано Травальяны 7:6 (7:4), 0:6, 6:2 есебімен ұтты. Жеңісі үшін қазақстандық спортшы 75 рейтингтік ұпайға ие болып, ATP рейтингінде 193-орынға көтеріледі.

Осылайша, Тимофей Скатов чемпиондық атаққа қол жеткізіп, 12 980 еуро сыйақыға ие болды. Сондай-ақ қазақстандық теннисші 75 рейтингтік ұпай алады.

Естеріңізге сала кетейік, турнир барысында Скатов перулік теннисші Гонсало Буэноны (220-орын), италиялықтар Филиппо Романоны (592-орын) және Джанмарко Феррарийг (594-орын), сондай-ақ Монако өкілі Валантен Вашроны (246-орын) жеңген еді.

Бұған дейін Скатов 2022 жылы Пармада және 2024 жылы Аугсбургте Челленджер турнирлерінде жеңіске жетті.

Social Link

Follow Me On Social Media