What are you looking for?

Қазақстандық спортшы Висладағы әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

18.08.2025

Бұл ел тарихындағы шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы әлем кубогындағы алғашқы медаль.

Польшаның Висла қаласында өткен шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы әлем кубогында қазақстандық Данил Васильев күміс жүлдегер атанды.

Ол финалда 119.3 ұпай жинап, Аустрия спортшысы Никлас Бахлингерден кейінгі 2-орынды иеленді. Үшінші орынды Болгария өкілі Владимир Зогфарски алды.

Бұл жетістік Васильевке 2026 жылғы Милан Олимпиадасының лицензиясына біртабан жақындай түсуге мүмкіндік берді. Бұған дейін ең жоғары нәтиже 2021 жылы Щучинскіде Сергей Такченконың 6-орны болған.

Жарысқа қатысқан тағы бір қазақстандық Илья Мизерных 24-сатыдан көрінді.

Social Link

Follow Me On Social Media