What are you looking for?

Алматыда көлік жуу қызметкерлері көлікті мас күйінде айдап, апатқа ұшырады

18.08.2025

Алматыда 17 тамызда түнгі сағат 23:30 шамасында Полевая көшесінде жол-көлік оқиғасы орын алды.

Алдын ала деректер бойынша, көлік жуу қызметкерлері мас күйінде клиенттің көлігін айдап шығып, серуендеуді жоспарлаған. Алайда көлікті басқара алмай, апатқа ұшырады, деп жазады inbusiness.kz сайты kris_p_almata парақшасына сілтеме жасап.

Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ: жүргізушілер де, жүргіншілер де аман. Алайда жууға әкелген көлікке қатты зақым келіп, жарамсыз болып қалды.

Қазір жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media