What are you looking for?

"Қазақстан" телерадиокорпорациясын енді Ернұр Бурахан басқарады

18.08.2025

Ол бұған дейін ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.

"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы қызметіне Ернұр Бурахан тағайындалды, деп хабарлады арнаның баспасөз қызметі.

Ернұр Бурахан 1981 жылы 16 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Журналистика саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар.

Әр жылдары "Qazaqstan" телеарнасында тілші, тележүргізуші, "Қазақстан" телерадиокорпорациясының Ақтөбе облыстық филиалының директоры, "Қазақстан" телерадиокорпорациясына қарасты "Қазақ радиолары" ЖШС директоры қызметтерін атқарды.

Соңғы екі жылда Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінде болды.

Бұған дейін "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының басшысы болған Ләззат Танысбай "Еуразия" бірінші арнасының бас директоры болып тағайындалғанын жазғанбыз.


Оқи отырыңыз:

Ләззат Танысбай "Еуразия" бірінші арнасының бас директоры болды


Social Link

Follow Me On Social Media