Шығыс Қазақстан облысындағы қалалардың бірінде әкімдік ғимаратына аю кіріп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Instagram-дағы gde_novosti_uka жергілікті парақшасында түнде қаланы аралап жүрген маймақ аяқтының видеосы пайда болды. Видео сипаттамасында әзіл-шыны аралас былай делінген: "Маймақтың Серебрянск әкімдігінде шаруасы бар сияқты, сондықтай өзі жекелей кіріп-шығайын деп шешкен секілді".
Видео астындағы түсініктемелерден жұртшылықтың аю арқылы қоғамның бүгінгі өзекті мәселелерін жеткізуге тырысқанын көруге болады:
- "Әкімдік қайда қарап отырғанын сұрап шығайын деген шығар".
- "Ол өзі әкім қабылдауына жазылып па екен?"
- "Әділдік іздеп келген болар"
- "Коммуналдық қызмет мәселесі бойынша сөйлеспек, неге бағаларды тоқтаусыз көтере береді деп". "Жануарлардың да әкімдікке қоқыстан бастап қояр көптеген сұрақтары бар".
- "Айыппұл төлеуге келген болар!".
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Где? Новости