Пуэрто-Рикода «Эрин» дауылы соғып, 155 мыңнан астам үй жарықсыз қалды .
Сағатына 215 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған жел елдің оңтүстік жағалауындағы көп үйді қиратып кетті. Кей мекендерде тасқын жүріп, су басып жатыр. Электр желілерін қалпына келтіру жұмыстарына жүздеген маман жұмылдырылған.