What are you looking for?

ҚТЖ жолаушылар вагондарының паркін қашан толық жаңартады

19.08.2025

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов 2025 жылғы 19 тамызда Үкіметтегі баспасөз мәслихатында 2030 жылдың соңына дейін жолаушылар вагондары паркі толық жаңартылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Спикердің айтуынша, вагондардың жағдайы – баршаға ортақ өзекті мәселе.

"Бүгінгі таңда вагондардың 73%-ының тозуы 20 жылдан аспайды. ҚТЖ паркті жаңарту бағдарламасын қабылдады, ол 2030 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады. Сол уақытқа қарай компанияның барлық паркі толық жаңартылады. Жаңа вагондар "комфорт" және "суперкомфорт" санатына, яғни бизнес-классқа жататын болады. Барлығы кондиционерлермен жабдықталады, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған купелер болады", – деді Талғат Алдыбергенов.

Бұған дейін Бектеновтің еліміздегі вагондардың жай-күйі жайлы сөз қозғағандығын жазғанбыз.

Social Link

Follow Me On Social Media