What are you looking for?

Елордалық парадзюдошы Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

20.08.2025

Мысырдың Гиза қаласында көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасында пара дзюдодан IBSA Grand Prix Egypt 2025 Әлем кубогы өтті.

Дүбірлі жарысқа 27 елден үздік спортшылар қатысып, өзара мықтыларын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ел намысын қорғаған елордалық парадзюдошылар жоғары деңгейде белдесіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді.

Жарыс нәтижелері:

• Ерғали Шәмей – 2-орын (J1 санаты);

• Асылан Нұрдәулетов – 5-орын (J1 санаты).

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте күміс медальға ие болды.

Social Link

Follow Me On Social Media