What are you looking for?

Қытайда көпір құрылысында трос үзіліп, 12 адам қаза тапты

22.08.2025

Цинхай провинциясында салынып жатқан теміржол көпірінде трос үзіліп, 12 адам қаза тапты . Тағы 4 адам із-түзсіз жоғалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға кезінде ұзындығы 108 метрлік трос үзілген. Құрылыс алаңында 16 жұмысшы болған.

Құтқару жұмыстарына 800-ден астам маман, арнайы техника, қайықтар мен тікұшақтар жұмылдырылды.

Жергілікті ауруханалар жарақат алғандарға жедел көмек көрсету үшін "жасыл дәліз" ашты.

Қытайдың Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтап, жоғалғандарды іздестіру жұмыстарын күшейтті.

Social Link

Follow Me On Social Media