What are you looking for?

Тоқаевтан шақырту алған Иордания королі Қазақстанға келеді

23.08.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан шақырту алған Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан президенті баспасөз қызметінің ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан шақырту алған Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн 26-27 тамызда Қазақстанға ресми сапармен келеді

"Астанаға сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын одан әрі нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді", — делінген Ақорда хабарламасында.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media