What are you looking for?

Түркия түсініксіз "тұлғалармен" күреске шындап кіріспек

11.03.2025

Бұл – елдегі цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылдап жатқан шаралардың бірі.

Түркияның Радио және телевидение Жоғары кеңесі (RTÜK) мен елдің Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар басқармасы (BTK) өкілдері баяндамасында осы тақырыпқа басымдық берген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осылайша, 2025 жыл елде ресми түрде ЛГБТ контентімен күрес жылы болып жарияланып отыр.

RTÜK төрағасы Фейзуллах Теджирли балаларға қатысты зорлық-зомбылықты талқылау барысында мемлекеттік органның түрік телехикаялары продюсерлерімен жұмысты жалғастыратынын жеткізді. Ол сөз арасында отбасылық құндылықтарға баса назар аударып, балаларға қолайлы контентті қолдайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, BTK бас директоры Абдулкерим Гюн де реттеуші ұйымдар ЛГБТ мазмұнына тыйым салу үшін белсенді түрде жұмыс істеп жатқанын және бұл мәселе бойынша ықтимал сот процестеріне алаңдамайтынын айтқан.

Осындай бастамалар ел ішінде де, сыртында да әртүрлі пікірталас тудырады, өйткені олар сөз бостандығына және ЛГБТ қауымдастығының құқықтарына әсер етуі мүмкін. Сарапшылардың сөзінше, азшылық құқықтары мен баспасөз бостандығына қатысты пікірталастар өршіп тұрған кезде мұндай шаралар Түркиядағы мәдени алмасуларға қатаң цензураға және шектеулерге әкеліп соғуы ықтимал.

Social Link

Follow Me On Social Media