What are you looking for?

Қазақстандық әнші «Новая волна — 2025» байқауында жеңіске жетті (ВИДЕО)

25.08.2025

Отандық өнерпаз Alex Lim халықаралық деңгейдегі беделді «Новая волна — 2025» музыкалық байқауында топ жарып , бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы жаңалықты әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда әділқазылар төрағасы Игорь Крутой байқау нәтижелерін қорытындылап, қазақстандық әншінің жеңіске жеткенін хабарлайды.

Alex Lim байқау барысында бірнеше стильде ән орындап, көрермендер мен қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленді. Нәтижесінде ол жоғары ұпай жинап, байқаудың жеңімпазы атанды. Александр Лим 33 жаста, Алматы қаласында тұрады.

Айта кетейік, «Новая волна» — ТМД аумағындағы ең ірі әрі ықпалды музыкалық байқаулардың бірі, ол жас таланттарға халықаралық сахнаға жол ашады. Биылғы байқау Татарстан Республикасының астанасы — Қазан қаласында өтті. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас орындаушылар қатысты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от New Wave / Новая волна (@newwave_official)

Social Link

Follow Me On Social Media