What are you looking for?

"Бағанашыл" балалар үйіне қатысты даудан кейін Алматы облыстық білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

25.08.2025

Алматы облыстық білім басқармасының жаңа басшысы болып Арайлым Төлеубекова тағайындалды, деп хабарлайды облыстық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Алматы облысы әкімінің м.а. өкімімен Төлеубекова Арайлым Ақсубайқызы 2025 жылғы 21 тамызынан бастап Алматы облысы білім басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды", — делінген хабарламада.

Арайлым Төлеубекова 1977 жылы дүниеге келген. 2004 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы, 2015 жылы Алматы Университетін "құқықтану" мамандығы, 2020 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін "орыс тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша бітірген.

2017 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде "құқықтану" мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2001 жылы Іле ауданы Рахат ауылының №20 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.

Әр жылдары Іле ауданы Рахат ауылының №20 орта мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, №97617 әскери бөлімінің операторы, Іле ауданының білім және спорт бөлімінің жетекші маманы, Іле ауданы №4 орта мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Энергетический ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып жұмыс істеген.

Сондай-ақ Іле ауданы №29 орта мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, "Балауса" балабақшасының әдіскері, Іле ауданының білім бөлімінің орталықтандырылған бухгалтерлігінің заңгері, бас маманы, бөлім басшысы, Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы, Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2025 жылдың маусым айынан бастап Алматы облыстық білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы болған.

Айта кетейік, "Бағанашыл" балалар үйіне қатысты даудан кейін Алматы облысында үш шенеунік қызметінен босатылған еді. Олардың арасында облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева да бар.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media