What are you looking for?

25 жылдан соң ақталды

26.08.2025

1993 жылы АҚШ-та кештен қайтып келе жатқан төрт жас­өс­пірімге көліктен оқ атылады. Екі бала сол жерде тіл тартпай кеткен. Полиция бастапқы­да 17 жастағы Дэвид Рэнджелді күдікті деп таниды, бірақ ол айыпты немере ағасы – 16 жастағы Дэниел Виллегасқа жапқан.

Қысымға шыдамаған Виллегас қыл­мысты мойындап, өмір бойына сотталады. Кейінгі жылдары оның ісі бірнеше рет қаралғанымен, апелляциялары қабылдан­байды. Тек 25 жылдан соң адвокат қарсы дәлелдер тауып, Виллегастың кінәсіздігін дәлелдеп шығады. Осылайша Дэниел 41 жасында бостандыққа оралды.

Social Link

Follow Me On Social Media