What are you looking for?

"Ақтөбе – Қандыағаш" тасжолында көлік қозғалысы шектеледі

26.08.2025

Бұл туралы " ҚазАвтоЖол " ҰК баспасөз қызметі мәлім етті.

Автомобиль жолының 87+100 шақырым аралығындағы учаскесінде электронды ақпараттық экран мен бақылау аркасы орнатылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2025 жылғы 26 тамыз күні республикалық маңызы бар "Ақтөбе — Қандыағаш" автомобиль жолының 87+100 шақырым аралығындағы учаскесінде электронды ақпараттық экран мен бақылау аркасын орнату бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

"Соған байланысты 2025 жылғы 26 тамыз сағат 12:00–ден 14:00–ге аталмыш жол учаскесінде Қандыағаш қаласының айналма жолынан бастап елдімекеннің кіреберісіне дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", – делінген компания хабарламасында.

Social Link

Follow Me On Social Media