What are you looking for?

Астанада жасөспірімдер ғимараттың маңдайшасындағы LED-экранды бұзды

26.08.2025

Елордада полиция қызметкерлері ғимараттардың бірінің маңдайшасындағы LED-жолақты бұзу дерегіне қатысы бар төрт жасөспірімді анықтады. Қазіргі уақытта осындай құқық бұзушылықтың төрт эпизоды тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кәмелетке толмағандармен олардың заңды өкілдерінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар ата-аналарына балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік жүктелді.

Полиция ата-аналарды балалардың тәртібін бақылауға және бос уақытын қадағалауға көбірек көңіл бөлуге үндеді.

Сонымен бірге полиция электрондық құрылғылардың жұмысына араласу, оларды бұзу әрекеттері, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзатын жазбалар мен бейнелер орналастыру – заңға қайшы әрекеттер болып есептелетінін ескертті. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңда көзделген жауапкершілік қарастырылған, ол бұзушының жасына қарамастан қолданылады.

Social Link

Follow Me On Social Media