What are you looking for?

Қазақстандық мергендер Азия чемпионатында рекорд орнатты

26.08.2025

16-30 тамыз күндері Шымкентте нысана көздеу және стенд атудан 16-шы Азия чемпионаты өтуде.

Шымкентте өтіп жатқан нысана көздеу мен стенд атудан XVI Азия чемпионатында жасөспірімдер арасында кезекті рекорд тіркелді.

10 метр аралас ырғақта жылжымалы нысана көздеуде Қазақстан-1 командасы топ жарып, жаңа тарихи көрсеткішке қол жеткізді. Рамазан Хусаинов, Шахзод Ирназаров пен Валат Мусаев үштігі 1065 ұпай жинап, Азияның жасөспірімдер арасындағы жаңа рекордын орнатты. Күміс жүлде Қазақстан-2 командасына, қола жүлде Өзбекстан құрамасына бұйырды.

Жасөспірімдерден бөлек, ересектер арасында да Қазақстан-1 құрамасы жеңімпаз атанды. Асадбек Назиркульев, Андрей Худяков және Даниил Яковенко үштігі қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді.

Азия чемпионаты барысында ересектер мен жасөспірімдер санатында 10-нан астам әлемдік және құрлықтық рекорд жаңарды. Жарыс 30 тамызда мәресіне жетеді.

Social Link

Follow Me On Social Media