What are you looking for?

ІІМ мессенджерлерде таралып жатқан "балаларды ұрлау" туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

26.08.2025

Еліміздің Ішкі істер министрлігі мессенджерлерде мигранттар мен балаларға қатысты таралып жатқан ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ішкі істер министрлігі мессенджерлерде таралып жатқан мигранттар мен балаларды ұрлау туралы "ескерту" жалған ақпарат екенін хабарлайды.

Министрлік мұндай мәлімдеме жариялаған жоқ. Азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз.

Күдік тудыратын жағдайлар кезінде 102 нөмірі арқылы полицияға жүгініңіздер", — делінген ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.

Министрлік көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media