What are you looking for?

ChatGPT нейрожелісіне ата-ана бақылауы функциясы орнатылады

27.08.2025

ChatGPT нейрожелісіне ата-ана бақылауы функциясы орнатылады.

Тиісті шешімді америкалық Оупен Ай ((OpenAI)) компаниясының басшылығы қабылдады. Бұған АҚШ-та 16 жастағы жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауына нейрожелінің әсер етуі себеп. Ал жаңа тетік ата-анаға балалардың платформаны қалай пайдаланатынын қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ оған сенімді тұлғаның байланыс номерін қосу қарастырылған. Еске салайық, осы айдың басында өз өзіне қол жұмсаған жеткіншектің ата-анасы OpenAI компаниясын сотқа берді. Олар нейрожелі жасөспірімнің суицид жасауына кінәлі деп санайды.

Social Link

Follow Me On Social Media