Чемпиондар Лигасындағы "Қайраттың" қарсыластары анықталды
Бүгін, 28 тамызда Монакода УЕФА Чемпиондар Лигасының 2025/26 маусымындағы жалпы кезеңнің жеребесі тартылды. Бұл кезеңге алғаш рет тарихында алматылық "Қайрат" қатысады
"Қайраттың" қарсыластары
Үйде:
"Реал" (Испания)
"Брюгге" (Бельгия)
"Олимпиакос" (Грекия)
"Пафос" (Кипр)
Сырт алаңда:
"Интер" (Италия)
"Арсенал" (Англия)
"Спортинг" (Португалия)
"Копенгаген" (Дания)
Ойын күнтізбесі
1-тур: 16–18 қыркүйек 2025 жыл
2-тур: 30 қыркүйек – 1 қазан 2025 жыл
3-тур: 21–22 қазан 2025 жыл
4-тур: 4–5 қараша 2025 жыл
5-тур: 25–26 қараша 2025 жыл
6-тур: 9–10 желтоқсан 2025 жыл
7-тур: 20–21 қаңтар 2026 жыл
8-тур: 28 қаңтар 2026 жыл
Плей-офф кезеңі
Аралық іріктеу матчтары: 17/18 және 24/25 ақпан 2026 жыл
1/8 финал: 10/11 және 17/18 наурыз 2026 жыл
1/4 финал: 7/8 және 14/15 сәуір 2026 жыл
Жартылай финал: 28/29 сәуір және 5/6 мамыр 2026 жыл
Финал: 30 мамыр 2026 жыл
2026 жылғы финалдық матч Венгрия астанасы Будапешттегі "Пушкаш Аренада" өтеді. Бұл стадионда 2023 жылы Еуропа Лигасының шешуші ойыны өткен, ал Чемпиондар Лигасының финалы алғаш рет ұйымдастырылмақ.