What are you looking for?

Польшада F-16 жойғыш ұшағы құлады: ұшқыш қаза тапты

29.08.2025

Бұл туралы BBC хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Польшаның орталық бөлігіндегі Радом қаласында F-16 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады.

– Радомдағы қайғылы оқиға: әуе шоуына дайындық кезінде F-16 құлады. Өкінішке қарай, ұшқыш көз жұмды, – деп жазды Польша үкіметінің баспасөз хатшысы Адам Шлапка әлеуметтік желіде.

Польша билігінің мәліметінше, жерде ешкім зардап шеккен жоқ. Бейнежазбаға қарағанда, ұшақ ұшу-қону жолағына құлап, ұшқыш катапульталуға үлгермеген.

Euronews дерегінше, қаза болған әскеридің жаттығу ұшуы AirShow Radom халықаралық авиашоуы алдында өткен. Ол – Польша Қарулы күштерінің офицері болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, F-16 жоғары пилотаж фигураларын орындау кезінде кенеттен биіктігін жоғалтып, жоғары жылдамдықпен жерге соғылған. Соққыдан кейін ұшақ өртеніп кеткен. Қайғылы оқиғаның кадрлары әлеуметтік желіде жергілікті уақытпен сағат 20:00 шамасында тарады.

Social Link

Follow Me On Social Media